Ақтөбелік футболшылар Еуропа лигасының екінші іріктеу раундын жеңіліспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік футболшылар Еуропа лигасының екінші іріктеу раундын жеңіліспен бастады

Ақтөбелік футболшылар Еуропа лигасының екінші іріктеу раундын жеңіліспен бастады

«Ақтөбе» футбол клубы кеше Еуропа лигасының дәрежелік 2-раундын сырт алаңда Молдованың Оргеев қаласының «Милсами» командасымен өткізді.

  • 20 Шiлде 2012
  • 481
Фото - Caravan.kz


Албаниялық қазылар төрелік еткен бұл ойында Владимир Муханов жаттықтыратын ақтөбеліктер 4:2 есебімен жеңіліс тапты. Тимур Кападзе кездесудің 8-минутында жылдам есеп ашқан, араға 8 минут салып алаң қожайындары сапынан Георгий Богю есепті теңестірсе, 33 минутта Рафаэль Веллингтон «Милсамиді» алға шығарды. Үзілістен кейін 51-минутта Г. Богю дублдің авторы атанып, есепті 3:1-ге дейін жеткізген еді. 56-минутта Самат Смақов доп айырмашылығын 3:2-ге қысқартқанымен 87-минутта оргеевтіктерден Корнел Геци есепті 4:2-ге өзгертті. Жарыстың келесі кезеңіне өту үшін В. Мухановтың шәкірттері Сергей Клещенко жаттықтыратын оргеевтіктерді енді, 26 шілде күні өз алаңындағы қарымта ойында 3 доп айырмасымен ұтуы керек.