«ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Алматы облысының тумасы, Лондон Олимпиадасына қатысатын еркін күрес палуаны Дәурен Жұмағазиев осындай сенімді жанына серік етіп отыр.
Оның айтуынша, еркін күрестен 60 келі салмақта Олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін спортшылар баршылық. «Менің негізгі қарсыластарым, ол — Ресей палуаны Бесик Кудухов және Пуэрто-Риканың спортшысы Гомес Матос. Олардан басқа да шеберлер бар. Бірақ кім болса да біз, еркін күрес палуандары, Лондон олимпиадасында бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Ұлыбританияға біз тамыздың 2-сі күні аттанамыз. Сол жақта он күндей жаттығып, боз кілемге шығамыз», — дейді Д.Жұмағазиев..
Айта кетейік, қазіргі кезде Лондон Олимпиадасына баратын Қазақстанның еркін күрестен құрама командасы Астанада жаттығып жатыр.