Лондон Олимпиадасында жеті салмақ бойынша нақты нәтиже болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасында жеті салмақ бойынша нақты нәтиже болуы мүмкін

Лондон Олимпиадасында жеті салмақ бойынша нақты нәтиже болуы мүмкін

Лондон Олимпиадасына қатысатын еркін күрестен қатысатын жеті палуанның бәрі де нақты нәтиже көрсетуі мүмкін.

  • 20 Шiлде 2012
  • 711
Фото - Caravan.kz

«ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Лондон Олимпиадасына қатысатын Қазақстанның еркін күрестен ұлттық құрамасының бас бапкері Алтай Танабаев осылай айтты.

«Шыны керек, дайындық мәселесі жағынан ешқандай қиындық жоқ. Былтырдан бастап, Үкімет, министрлік пен федерация тарапынан барлық көмек жасалып жатыр. Енді, біз оны ақтауға міндеттіміз», — дейді А.Танабаев.

Бас бапкер атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстанның палуандары ешкімнен кем емес. «Еркін күрестен Лондон Олимпиадасына біз жеті салмақ бойынша қатысамыз. Осы жеті спортшылардың әрбіреуі де нақты нәтиже көрсетуі мүмкін. Құдай тіл-көзден сақтап, бәрі әділ өтсе болғаны», — дейді А.Танабаев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера