Жағажай волейболынан Өскеменде өткен ел чемпионатының 3-турында алматылық жігіттер жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан Өскеменде өткен ел чемпионатының 3-турында алматылық жігіттер жеңіске жетті

Жағажай волейболынан Өскеменде өткен ел чемпионатының 3-турында алматылық жігіттер жеңіске жетті

Өскеменде 20-22 шілде күндері жағажай волейболынан XVI Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтті.

  • 23 Шiлде 2012
  • 549
Фото - Caravan.kz


Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл байрақты бәсекеге 30-дан астам командалар қатысты. Онда ерлер арасында 1-2 орынды Республикалық гвардияның ШВСМ-1 (Сергей Богату, Владислав Пустынников), ШВСМ-2 (Кирилл Гурин, Виктор Пестов) командалары өзара бөлісті. Ал алаң қожайындарының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-1» командасы (Михаил Устипнов, Әсет Әбетаев) үздік үштікті түйіндеді. Әйелдер арасындағы додада тұғырдың үш сатысына да Ақтау қаласының «Каспий-1» (Бақтыгул Самалықова, Любовь Богату), «Каспий-2» (Анна Елеференко, Анастасия Тоқтарева), «Каспий-3»( Александра Варассова, Екатерина Ласюта) командалары ғана көтерілді. Бұған дейін екінші тур Алматыда, бірінші тур Ақтауда өткен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера