Лондон Олимпиадасына қатысушылар арасында ҚР Ұлттық құрамасы спортшылар саны бойынша 18-19-шы орында - Е. Қанағатов - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасына қатысушылар арасында ҚР Ұлттық құрамасы спортшылар саны бойынша 18-19-шы орында - Е. Қанағатов

Лондон Олимпиадасына қатысушылар арасында ҚР Ұлттық құрамасы спортшылар саны бойынша 18-19-шы орында - Е. Қанағатов

Қазіргі уақытта Лондондағы Олимпиада қалашығына 50-ге жуық қазақстандық спортшы келіп жетті.

  • 25 Шiлде 2012
  • 649
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Олимпиада қалашығында отандық БАҚ үшін өткізілген баспасөз мәслихатында Қазақстандық спорт делегациясының басшысы, ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық делегация құрмында спорттың 25 түрі бойынша бақ сынайтын 116 споршы бар. «Біз қатысушылардың рейтингін қарадық — лицензия бойынша 23-ші орында тұрмыз, спортшылар саны бойынша — 18-19-шы орындамыз. Қазіргі уақытта Олимпиада қалашығында Олимпиадалық штаб жұмыс істейді, біз ұйымдастырушылар комитетімен, барлық қызметтермен тығыз байланыс орнаттық», — деп мәлім етті агенттік төрағасының орынбасары.
Ол сондай-ақ қазіргі кезде Олимпиада қалашығына қазақстандық делегацияның тек 49 мүшесі келгендігін жеткізді.

«Барлығы қалашыққа кесте бойынша келіп жатыр, бұл жерде жатын орын, тамақтану, жаттығу мен медициналық қызмет көрсету бойынша барлық жағдайлар жасалды, әзірге туындаған мәселе жоқ»,- деді Е. Қанағатов.

Айта кетейік, Олимпиада қалашығында қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде. Олимпиада нысанын қорғауға шамамен 12 мың полиция қызметкері, 20 мың арнайы қызметтің қызметкері және 15 мыңнан астам әскерилер тартылған. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 3 күн қалғанда ұйымдастырушылар тарапынан қосымша 1,2 мың маман тарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ойындардың негізгі спорттық нысындары орналасқан аумақ қоршауға алынды, оған 5 мың вольттық тоқ тартылған, көпқабатты үйлердің төбелерінде мергендер, ал Лондонның шығыс аудандарында Темзада авианосец кезекшілік етуде.

Сондықтан да БАҚ өкілдерін қалашықтың аумағына кіргізген жоқ, қазақстандық құрама команданың басшыларымен сұхбат оның сыртында болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера