Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардан бірінші болып садақ атушылар бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардан бірінші болып садақ атушылар бақ сынайды

Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардан бірінші болып садақ атушылар бақ сынайды

Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХХХ Жазғы олимпиада ойындарында садақ атушылар арасында қазақстандық 2 спортшы жекелей сында іріктеу ойындарын өткізеді.

  • 27 Шiлде 2012
  • 453
Фото - Caravan.kz

Қазір онда алдымен Алматы облысының өкілі Денис Ганькин бақ сынауда. Ал түске қарай батысқазақстандық Анастасия Баннова алғашқы сынға қатысады. Олар төрт жылда 1 рет өтетін бұл дүбірлі доданың нормативін 18-23 маусым күндері АҚШ-тың Огден қаласында өткен әлемдік іріктеу турнирінде орындаған болатын. Онда 26 ақпанда 23 жасқа толған Анастасия — сегізінші, ал 13 желтоқсанда 23-ке толғалы отырған Денис алтыншы орыннан көрінген еді.

Жалпы Лондондағы бұл дүбірлі додада 4 медальдар жиынтығы сарапқа салынбақ. 30 шілде мен 1 тамыз аралығында 1/32 және 1/32 финалдық ойындары, 2 тамызда — әйелдер, 3 тамызда ерлер арасындағы жүлдегерлердің есімдері белгілі болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера