деп хабарлады Астана қаласы туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, боксшылардың рейтингілеріне сәйкес, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Серік Сәпиев жарыстардың бірінші айналымын өткізіп алып, сайысқа 3 тамызда кіріседі.
Оның қарсыласы байрақты бәсекенің екінші күнінде, Ясухиро Сузуки (Жапония) және Мехди Халси (Марокко) спортшылары арасында өткен соңғы жекпе-жектен кейін білгілі болды. Бәсеңдеу өткен жекпе-жекте жапондық кеддесудің соңғы минуттарында 14:13 есебімен жеңіске жетті.
69 келіге дейін екінші айналымның бәсекесі 3 тамызда өтеді.
Бүгін, 30 шілдеде олимпиада рингінде қазақстандық жанкүйерлер 52 келіге дейін салмақта Ілияс Сүлейменовтың жекпе-жегін тамашалай алады. Ол кешкі сессияның 5-ші жұбында (басталуы сағат 01.30-да) шведтік спортшы Нтуве Саломомен жұдырақтасады.