Стенд атушы Ангелина Мищук Олимпиада ойындарында 9-орынды қанағат тұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стенд атушы Ангелина Мищук Олимпиада ойындарында 9-орынды қанағат тұтты

Стенд атушы Ангелина Мищук Олимпиада ойындарында 9-орынды қанағат тұтты

Шымкенттік Ангелина Мищукқа финалға шығу міндеті жүктелген болатын. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Колос бүгін Алматыдағы Олимпиадалық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.

  • 30 Шiлде 2012
  • 678
Фото - Caravan.kz


«Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына стенд атудан Қазақстаннан 1 спортшы ғана қатысты. Ол — Ангелина Мищук. Оған бапкерлер финалға шығып, үздік алтылықтың қатарына ену туралы міндет жүктелген болатын», — дейді С.Колос. Жаттықтырушының айтуынша, кеше іріктеу сынына 18 спортшы қатысқан. Онда шымкенттік А.Мищук 9-орын алып, финалға шыққан 6 спортшының қатарынан көріне алмады.