Vesti.kz порталының хабарлауынша, бұл ақпаратты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Спорт және жоғары жетістіктер департаментінің директоры Тастанбек Есентаев қуаттаған.
«Александр Винокуров қазір бағдарлама бойынша жаттығуда. 1 тамыз күні ол Асан Базаевпен бірге уақытқа жарысқа қатысады. Қазір ғана машинаға тапсырыс бердік. Сондықтан барлығы да жоспар бойынша, өзгеріссіз өтеді», — деді ол.