Швейцариялық спортшы нәсілшілдігі үшін Олимпиададан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцариялық спортшы нәсілшілдігі үшін Олимпиададан қуылды

Швейцариялық спортшы нәсілшілдігі үшін Олимпиададан қуылды

Швейцариялық футболшы Мишель Морганелла өзінің Твиттердегі нәсілшілдік пікірі үшін Олимпиададан қуылды.

  • 31 Шiлде 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Ресми мәлімдемеде хабарланғандай, ол Оңтүстік Корея халқына тіл тигізген, деп хабарлады РБК.

М.Морганелла Швейцария мен Оңтүстік Корея арасында өткен олимпиадалық футбол турнирінде 1:2 есебімен жеңіліс тапқан соң «ерекшеленді». Швейцарлық өзінің шағын блогында қарсыластарын «моңғолдар тобыры» деп атаған. «Барыңдар да өздеріңді өртеп жіберіңдер», — деп жазған ол. Бірнеше сағаттан кейін М.Морганелла өзінің айтылған сөздеріне байланысты кешірім сұраған. Ол мұны «қызбалыққа» салынуымен түсіндірген. Бірақ ол уақытқа дейін ол аккредитациядан айырылып, оның шағын блогы өшіріліп тасталды.

Швейцариялық делегацияның басшысы Жан Жийи футболшыны ақтап алуға тырысқан. Оның айтуынша, бұл жағдай шағын блогтың оқырмандарымен «арандатылған» қадам. Дегенмен М.Морганелланы ойындардан шығару туралы шешімнің дұрыстығымен келіскен. Олимпиаданың заңы бойынша спортшылар бір-біріне сыйластықпен қарауы тиіс.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера