Боксшы Ілияс Сүлейменов: Қарсыласым қолайсыз әрі аса биік болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Ілияс Сүлейменов: Қарсыласым қолайсыз әрі аса биік болды

Боксшы Ілияс Сүлейменов: Қарсыласым қолайсыз әрі аса биік болды

Лондондағы Олимпиадада швед спортшысы Саломо Нтувені жеңген қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов өзінің алғашқы жекпе-жегі туралы айтып берді,

  • 31 Шiлде 2012
  • 472
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Vesti.kz. сайтының тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы шведті 13:8 есебімен жеңді.

«Аздап шаршадым, бірінші жекпе-жек ауыр тиді. Қарсыласым ыңғайсыз әрі менен әлдеқайда ұзын болды, бұл жағдайды жеңілдеткен жоқ. Дегенмен біз бұл жекпе-жекке дайындалдық, жеңіске жеткеніме қатты қуаныштымын», — деп ағынан ақтарылған спортшының сөзін келтірді Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

«Менің келесі қарсыласым да осал емес, енді сол жекпе-жекке дайындаламын», — деді ол.

3 тамызда өтетін жекпе-жектің 1/8 финалында І. Сүлейменов британдық спортшы Эндрю Селбимен кездеседі.