Тағы бір боксшымыз Олимпиадалық жарыс жолын тәмамдауға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір боксшымыз Олимпиадалық жарыс жолын тәмамдауға мәжбүр

Тағы бір боксшымыз Олимпиадалық жарыс жолын тәмамдауға мәжбүр

Лондон Олимпиадасында 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Қанат Әбутәліпов қарсыласына есе жіберді.

  • 2 Тамыз 2012
  • 526
Фото - Caravan.kz

Бірінші раунда-ақ белсенділік танытқан ирландиялық боксшы Джо Джон Невин 5:2 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де ол 5:3 есебімен алға шықты. Ал шешуші раундта барын салған Қанат жекпе-жекті 5:5 есебімен тең аяқтағанымен келесі кезеңге шыға алмады.

Айта кетейік, Қанат Әбутәліпов өзінің олимпиадалық жолдамасын 2011 жылы Қытайда өткен бокстың (WSB) Әлемдік сериядағы чемпионатында ұтып алған еді 1983 жылы 22 наурызда Қарағанды облысының Баршын ауылында дүниеге келген ол, еліміздің құрама командасы атынан 2000 жылдан бері жарыс жолына шығып келеді. Бокстан халықаралық санаттағы спорт шебері, 2002 жылғы әлем кубогінің финалисі, бірнеше мәрте Қазақстанның чемпионы атанған, Азия чемпионы, 2003 жылғы Орталық Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера