И.Дычко келесі жекпе-жегін канадалық Саймон Кейнмен өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
И.Дычко келесі жекпе-жегін канадалық Саймон Кейнмен өткізеді

И.Дычко келесі жекпе-жегін канадалық Саймон Кейнмен өткізеді

Қазақ елінің намысын Тұманды Альбион елінде 91 келі салмақ санатында қорғаушы боксшымыз Иван Дычконың келесі қарсыласы белгілі болды.

  • 2 Тамыз 2012
  • 467
Фото - Caravan.kz

Ол — қанадалық Саймон Кейн. Жекпе-жек 7 тамыз күні Астана уақыты бойынша 04:00-де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда И.Дычко қарсыласы германиялық Эрик Пфайферді бірінші раунда-ақ нокдаунға жіберген болатын. Дегенмен немістің тәжірибелі боксшысы есін жиып, жарысты соңына дейін жалғастыра алды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан еді.