Еуропа лигасы: «Генк» - «Ақтөбе» 2:1 - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа лигасы: «Генк» - «Ақтөбе» 2:1

Еуропа лигасы: «Генк» - «Ақтөбе» 2:1

Кеше сырт алаңда УЕФА Еуропа лигасының 3-раундындағы алғашқы кездесуін өткізген ақтөбелік футболшылар Бельгияның «Генк» командасынан 2:1 есебімен ұтылып қалды.

  • 3 Тамыз 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

3 доп та қос команданың қақпасына ойынның алғашқы жартысында соғылды. Атап айтқанда Андрей Сидельников қорғаған ақтөбеліктердің қақпасының кілтін алаң қожайындары 18-минутта пенальти арқылы ашқан. Петр Бадло 25-минутта есепті теңестіргенімен, ойынның екінші жартысында Крристина Жозеф-Монроз таблодағы есепті өз командасының пайдасына өзгертті. Ойынның екінші жартысында ол сол күйі қалды. Сонымен алғашқы кездесу 2:1 есебімен Марио Беен жаттықтыратын генктік футболшылардың пайдасына шешілді. Владимир Мухановтың шәкірттері енді 9 тамызда өз алаңында өтетін қарымта кездесуде есе қайтаруға бар күшін жұмсайтын болады.