Даниял Гаджиев боз кілемге Батыс Қазақстан облысы атынан шығып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даниял Гаджиев боз кілемге Батыс Қазақстан облысы атынан шығып келеді

Даниял Гаджиев боз кілемге Батыс Қазақстан облысы атынан шығып келеді

Кеше Лондон олимпиадасында грек-рим күресінен 84 келі салмақта Қазақстан қоржынына қола жүлдені салған Даниял Гаджиев Батыс Қазақстан облысы жұртшылығын да қуанышқа бөледі.

  • 7 Тамыз 2012
  • 587
Фото - Caravan.kz

БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы Тұрарбек Бекарыстановтың айтуынша, Даниял екі жылдан бері Батыс Қазақстан облысы намысын қорғап келеді. 1986 жылы дүниеге келген дағыстандық балуан облыстық олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығады. Бапкерлері — БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов пен Марат Тұрлыханов.

Батысқазақстандықтар еркін күрес шеберлері, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Таймұраз Тигиев пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Абдулхаким Шапиевтен де жүлде күтеді.