Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодар облысында шаруашылық қажеттіліктер үшін суды заңсыз алудың 50-ге жуық фактісі анықталып, кінәлілерге 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

  • 31 Тамыз
  • 1
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғат қорғау прокуратурасы мен Ертіс бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану инспекциясы бірлескен жұмыс жүргізді. Тексеру барысында шаруашылық қажеттіліктер үшін суды заңсыз пайдалану жағдайлары тіркелді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар және демалыс базалары Су кодексінің талаптарын бұзған. Олар арнайы рұқсаттың жоқтығына қарамастан, жерүсті және жерасты су ресурстарын пайдаланған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 15 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.