«Энеко тур» көпкүндігінің бірінші турында «Астана» велоклубының шабандозы мәре сызығын 9-болып кесіп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Энеко тур» көпкүндігінің бірінші турында «Астана» велоклубының шабандозы мәре сызығын 9-болып кесіп өтті

«Энеко тур» көпкүндігінің бірінші турында «Астана» велоклубының шабандозы мәре сызығын 9-болып кесіп өтті

Кеше велоспорттан Голландия мен Бельгия аумағында өтетін «Энеко тур» көпкүндігінің 203,90 шақырымдық 1-туры өтті.

  • 7 Тамыз 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

Онда кәсіпқой 20 велоклубтың 208 спортшысының арасында «Астана» велоклубының итальяндық шабандозы Якопо Гуарниери мәре сызығын 9-болып кесіп өтті. Бүгін Лимбург қаласында 18,9 шақырымдық 2-туры өтіп жатыр.

Жексенбіге дейін созылатын бұл дүбірлі додада «Астана» намысын 8 спортшы қорғауда. Олар қазақстандық Дмитрий Груздев, Сергей Ренев, Валентин Иглинский, Дмитрий Муравьев, эстониялық Танел Кангерт, ресейлік Евгений Петров және Якопе Гуарниеридің отандасы Симоне Понци.

Қазір турнир кестесінде «Argos-Shimano» командасынан германиялық Маркел Киттел көш бастап келеді. 2-3 орында «FDJ-BigMat» командасынан франциялық Арнауд Демаре мен ВМС командасынан американдық Тайлор Пинней тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера