Синхронды жүзуден қазақстандық дуэт Олимпиаданың финалына өте алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синхронды жүзуден қазақстандық дуэт Олимпиаданың финалына өте алмады

Синхронды жүзуден қазақстандық дуэт Олимпиаданың финалына өте алмады

Лондонның «Акватик Орталығында» синхронды жүзуден өткен жарыстарда Әйгерім Жексенбинова - Анна Кулькина қазақстандық дуэті 12 финалистің қатарына енбей қалды.

  • 8 Тамыз 2012
  • 517
Фото - Caravan.kz

Еркін бағдарламада қыздар «Шерлок Холмс» композициясымен шықты. Дегенмен, екі іріктеу сынынан кейін Қазақстан өкілдері 169,580 жалпы нәтижемен тек 15-ші орынға тұрақтады.

Ең жақсы нәтижені ресейлік жұп Наталья Ищенко — Светлана Ромашина көрсетті. Екінші үздік нәтижені қытайлық синхроншылар көрсете алды. Мықтылар үштігін Испанияның құрамасы тұйықтады.