Лондон Олимпиадасының осы уақыттағы жағдайы - Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасының осы уақыттағы жағдайы - Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр

Лондон Олимпиадасының осы уақыттағы жағдайы - Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр

8 тамыз күнгі осы уақыттағы жағдай бойынша, Қазақстан Лондонда Олимпиадасының жалпыкомандалық турнирлік кестесінде 9 орында тұр.

  • 8 Тамыз 2012
  • 579
Фото - Caravan.kz

Ойындардың алғашқы күнінен бастап кестенің бірінші сатысына орналасқан Қытай елі көшбасшылықты ешкімге берер емес. Аспан асты елінің еншісінде 34 «алтын», 21 «күміс» және 18 «қола» бар.

Америка 30 «алтын», 19 «күміс» және 21 «қоламен» екінші орында келеді.

Алғашқы үштікті 22 «алтын», 13 «күміс» және осындай көлемдегі қола медальларымен алаң иелері Ұлыбритания тұйықтайды.

Олимпиада басталғалы Қазақстанды біресе артқа тастап, біресе басып озып келе жатқан Ресей Федерациясы бүгінгі күні Қазақстаннан оқ бойы озық шығып, кестенің 5-інші орнына орналасты.

Ал Қазақстан 6 алтын, 1 қола медальмен 9-ыншы орында тұр.

Үздік ондықтың тізімін 5 «алтын», 3 «күмісі» бар Нидерланды елі тәмамдады.

Халқы және ойындарға қатысып жатқан спортшылардың саны жағынан алда тұрған жекелеген мемлекеттер әзірше үздік «ондыққа» кіре алмай отыр. Олар -Австралия, Иран Ислам Республикасы, Корей Халық демократиялық Республикасы, Куба, Беларусь, Венгрия, Жапония, Жаңа Зеландия, Украина және тағы басқалар.

Орын
Мемлекет
Алтын
Күміс
Қола
Барлығы
1 Peoples Republic of China
34
21
18
73
2 United States of America
30
19
21
70
3 Great Britain
22
13
13
48
4 Republic of Korea
12
5
6
23
5 Russian Federation
10
18
20
48
6 France
8
9
11
28
7 Italy
7
6
4
17
8 Germany
6
14
7
27
9 Kazakhstan
6
0
1
7
10 Netherlands
5
3
14

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера