«Эмоциямен айтқаным ғой. Кетпеймін. Басында қолдан келгеннің бәрі істеп болғандай көрініп еді», деді ол «Интерфакс-Қазақстанға» сәрсенбіде.
А.Нидің айтуынша, Лондон Олимпиадасында чемпион болған Илья Ильин енді 94 кило салмақ санатынан «ауырлау»- 105 килоға дейінгі санатқа өтетін болар.
Жаттықтырушының пікірінше, И.Ильин Лондон Олимпиадасында «алтынды» осы санатта да жеңіп алуға шамасы келер еді.
Бұрыннан белгілі, алдында А.Ни «Қазақстан» телеканалына берген сұхбатында отставкаға кетпек екендігін мәлімдеген болатын.
«Қазақстан үшін менің кеткенім жақсы. Тым көзге түсіп кеттім. Бес олимпиадаға, әлемнің 15 чемпионатына қатыстым. Жастарға орын беру керек болар», деген еді ол.
Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиада -2012 жеңіп алған алты алтын медаль мен бір қола медаль бар. Жалпы есепте еліміз 8-ші орында.
XXX жазғы Олимпиада ойындары Лондонда 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтуде.