Лондон-2012: Боксшы М.Вольнова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Боксшы М.Вольнова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Лондон-2012: Боксшы М.Вольнова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Олимпиада ойындарында 75 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғаған Марина Вольнова жартылай финалда америкалық былғары қолғап шеберіне есе жіберді.

  • 9 Тамыз 2012
  • 501
Фото - Caravan.kz

17 жастағы Кларесса Мария Шиелдс біздің Маринаға 4 кезеңде де еш мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп — 15:29.

Естеріңізге сала кетейік, Марина 1/8 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын. Ал ширек финалда азулы қарсыласы британдық Саванна Маршалдан еш ықпаған Марина алғашқы 2 раунда 7:7 есебімен тең аяқтаған-ды. Дегенмен шешуші кезеңде барын салған біздің былғары шеберіміз үшінші кезеңді 3:1 есебімен басымдықпен ұтты. Осылайша Марина ширек финалға жолдама алған болатын.

1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.