Лондон-2012: Д.Елеусінов ширек финалдан аса алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Д.Елеусінов ширек финалдан аса алмады

Лондон-2012: Д.Елеусінов ширек финалдан аса алмады

Бүгін Лондон Олимпиадасының ширек финалында жарыс жолына шыққан былғары қолғап шеберіміз Данияр Елеусінов итальяндық Винченцо Манчикапреден ұтылып қалды.

  • 9 Тамыз 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

Осылайша, үш кезеңде де біздің спортшыдан басымдық танытқан итальяндық былғары қолғап шебері Олимпиада алтынына бір табан жақындай түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 64 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Данияр Елеусінов 1/16 финалда американдық былғары қолғап шеберін, ал 1/8 финалда ирандық боксшыны айқын басымдықпен ұтқан болатын.

Данияр Елеусінов 21 жастағы астаналық спортшы. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ол Қазақстан чемпионы (2010-2011 жылдары), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы). Данияр жолдаманы жақында елордада өткен Азиялық іріктеу турнирінде қанжығасына байлаған еді.