Лондон - 2012: қазақстандық палуанымыз Гузель Манюрова қола медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон - 2012: қазақстандық палуанымыз Гузель Манюрова қола медаль жеңіп алды

Лондон - 2012: қазақстандық палуанымыз Гузель Манюрова қола медаль жеңіп алды

Лондон Олимпиадасында палуанымыз Гузель Манюрова қола медаль жеңіп алды. Боз кілемге 72 келі салмақ санатында көтерілген палуанымыз Гузель Олимпиада «қола» медалі үшін қытайлық Джиао Вангпен белдесіп, жеңіске жетті.

  • 10 Тамыз 2012
  • 640
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, Гузель 1/8 финалда жапондық Кийоке Хамагучиді 10:2 есебімен ұтқан болатын. Ал ширек финалда ресейлік спортшы Наталья Воробьевадан таза ұтылып қалған еді. Дегенмен, ресейлік боз кілем шебері финалға шығып, сондықтан да біздің палуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Саранск қаласында 1978 жылы дүниеге келген Г.Манюрова — бұрын Ресей намысын қорғаған белгілі спортшы. Көптеген жарыстарда атой салған, соның ішінде Еуропа чемпионы, Афиныда өткен 2004 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері, 2010 жылы Үндістанда еркін күрестен өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған, Азияның үш дүркін чемпионы. Лондон Олимпиадасының жолдамасын 2011 жылы Ыстамбұлда өткен Әлем чемпионатында ұтып алған болатын. 2010 жылдың 1 сәуірінен БҚО олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера