Г.Манюрова «өлім тобына» түсіп қалды - грек-рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Манюрова «өлім тобына» түсіп қалды - грек-рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушы

Г.Манюрова «өлім тобына» түсіп қалды - грек-рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушы

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Афина Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гузель Манюрова 72 келіге дейінгі салмақ санатында белдесіп, Олимпиада қола медалін ұтып қалды,

  • 10 Тамыз 2012
  • 535
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Гузель Цзяо Ванды 3:1 есебімен ұтып, Қазақстан құрамасы қоржынына Олимпиада ойындарының тағы бір қола медалін салды.

«Әйелдер күресінде 72 келіге дейін салмақ санатында белдескен қазақстандық Гузель Манюрова өте мықты қыз, Олимпиада ойындарының жүлдегері, құрлықаралық чемпионаттардың үш дүркін чемпионы. Ол барынша ауыр, тарысты белдесулерді өткізді. Палуанымыз белдескен топ ең ауыры болды, оны «өлім тобы» деп атауға да болады. Дегенмен Гузель жүктелген міндетті орындап шықты. Ол қолынан келгеннің бәрін жасады», — дейді грек-рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Жаңаберген Қармандаев.

Қазіргі уақытта грек-рим және әйелдер күресі бойынша олимпиадалық турнирлердің жарыстары аяқталды. «Жоғары міндет қойған едік, «классиктерден» «алтын» күттік. Бірақ та өздеріңіз көріп отырғандай бүгінгі күні жоспар орындалған жоқ. Біздің қоржында әзірше тек 2 «қола». Алда еркін күрес шеберлерінің белдесуі бар. Оларға сәттілік тілеймін», — деді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера