Қазақстан Республикасының Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 23 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 23 жыл

Қазақстан Республикасының Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 23 жыл

Қазақстанда 25 қазан Республика күні болып табылады. 23 жыл бұрын, 1990 жылы осы күні Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды.

  • 25 Қазан 2013
  • 607
Фото - Caravan.kz


Қазақстан өзінің атрибуттары, соның ішінде халықаралық саясатта құқықтары мен міндеттері бар дербес ел болып жарияланды. Декларация тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын әзірлеуге негіз болды. 2009 жылдан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілмейтініне қарамастан ол қазақстандықтар үшін және еліміздің саяси оқиғаларының күнтізбесіндегі маңызды күн болып қалады. Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор, белгілі тарихшы Бүркітбай Аяғанның айтуынша, егемендік туралы декларацияны қабылдау Қазақстанның тоталитарлық тәртіптен азат елді құруға дайын екендігін көрсетті. Бұл туралы astana.kz хабарлады.