Мұсылман қызы әлемдегі ең ақылды 50 оқушының қатарында - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман қызы әлемдегі ең ақылды 50 оқушының қатарында

Мұсылман қызы әлемдегі ең ақылды 50 оқушының қатарында

Нигериядан шыққан вундеркинд мұсылман қызы өзінің бойындағы қарым-қабілеті мен талантын танытып, әлемнің ең ақылды деген 50 оқушының тізіміне енді. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

  • 25 Қазан 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Нью-Джерсиде тұратын 16 жастағы Сахила Ибрахим Гарвард университетіне түсті. Сонымен бірге, ол АҚШ-тың Пенсильвания, Корнелл, Браун, Принстон, Колумбия және Чикаго секілді беделді 12 университетіне оқуға қабылданды.

Сахиланың ғылым саласындағы жетістіктері мектеп қабырғасында жүрген кезде-ақ байқалған. Алғырлығымен және зеректігімен, сондай-ақ, ізденімпаздығымен көзге түскен ол мектептің оқу бағдарламасында жоқ көптеген пәндерді өз бетінше оқып, бірталай тілді меңгерген. Атап айтқанда, ол ағылшын тілінен өзге йоруба, араб, испан, латын тілдерін біледі.

Сонымен қатар, ол мектептің инвестициялық клубын басқарады және нейробиологиямен шұғылданады.