«Абылайдың ақ үйі қалай қалпына келтірілді?» - баспасөзге шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Абылайдың ақ үйі қалай қалпына келтірілді?» - баспасөзге шолу

«Абылайдың ақ үйі қалай қалпына келтірілді?» - баспасөзге шолу

Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының тізгінін біраз азамат ұстады десек, солардың ішінде аймақты 2003-2007 жылдар аралығында басқарған Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров сияқты іске жедел кірісіп, бірін ұсақ, бірін ірі демей, барлық мәселелерді бірдей қамтуға құлшыныс танытқандары, артына халық айта жүрерліктей жақсы із қалдырғандары көп емес. Ол алғашқы күннен өзіне Мемлекет басшысы көрсеткен сенімді ақтауға құлшына кірісіп, төрт жылдың ішінде талай мәселенің түйінін шешті. Т.Мансұров өңірімізді басқарған жылдары қаржы жоқ деген желеумен жарты алаңы саудагерлерге жалға беріліп, жабылудың аз-ақ алдында тұрған облыстық тарихи-өлкетану мұражайын толықтай қалпына келтірді, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру мақсатында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің еңбекақысын бірден елу пайызға өсірді, тұңғыш рет қазақ тілінде қалалық газет шығаруға ұйытқы болды, жұрт әлдеқашан «сақалды құрылыстардың» қатарына жатқызып қойған, көзге шыққан сүйелдей болған Қызылжар орталық мешіті мен православие шіркеуін бір күнде іске қосты, ұлы Абай мен А.Пушкинге ескерткіш қойды... Т.А.Мансұров Солтүстік Қазақстан облысына әкім болып келмесе, Абылайдың ақ үйі де қалпына келмес еді, дейді жергілікті тұрғындар. Ол рас. Тайыр Аймұхаметұлы талай жылдардан бері жыры таусылмай келе жатқан бұл мәселенің де нүктесін қойып, Қызылжардың төріне ұлы ханға ескерткіш орнатып кетті. Өңір үшін ұлы істерге мұрындық болған осы азаматпен арадағы сұхбат «Егемен Қазақстан» газетінде «Абылайдың ақ үйі қалай қалпына келтірілді?» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалына тұщымды жауап берген ол: «Әрине, бүгін айтуға ғана оңай. Әйтпесе, хан үйіне алғашқы бейнесін беру осы іске қатысқандардан жоғары кәсіби шеберлікті, асқан жауапкершілікті талап еткені сөзсіз. Алдымен қабырғалары ерекше берік болуы үшін темір белдіктермен бекітілді. Іргетастар қайта құйылды. Екі қабатты үйдің іші-сырты кірпішпен қапталды. Барлық бөлмелер күрделі жөндеуден өткізіліп, ХVІІІ ғасыр үлгісінде ұлттық нақышпен безендірілді. Бірінші қабатта бейне залдар, жәдігерлерді қоятын арнайы орындар орналасса, екінші қабатта ханның келушілерді қабылдайтын және жатын бөлмелері жабдықталды. Ханның жастық шағына, өскен ортасына, мемлекеттік қызметіне қатысты дүниелер де осында қойылды», - дейді.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған бірқатар министрлер баспасөз мәслихатын өткізді. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері сараланып, осы жылдағы экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды. Осы брифинг арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінде «Экономикалық өсім ойдағыдай» деген тақырыппен берілген. Басылымның жазуына қарағанда, Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев аймақтардағы әлеу­меттік-экономикалық мәсе­лелер туралы баяндап, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Сондай-ақ, салаға қатысты жаңадан дайындалған заң жобалары жөнінде де әңгімелеп, олардың тиімді тұстарын таратып айтып берді. Ол республика аумағын ұйымдастырудың бас схемасына арнайы тоқталып, қала құрылыстарында бұл игіліктің қандай пайдасы болатындығын таратып айтты. Мұндай бас схема елімізде тұңғыш рет жасалыпты. Б.Жәмішевтің айтуына илансақ, өңірлерді дамыту барысында схеманың келтірер пайдасы мол болмақ.

***

«Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының кезектен тыс отырысында биылғы жылдың қорытындысы шығарылып, келесі жылдың күнтізбелік жоспары жасалды. Басқосу барысында «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Қайрат Сатыбалдыұлы баяндама жасады. Ол Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дерегіне сүйене отырып, қазіргі таңда еліміздің 250952 азаматы ұлттық спортпен айналысып жатқанын жеткізді», — деп жазады «Айқын» газеті жұма күнгі нөміріндегі «Шетелдіктер бізді ұлттық спортымыз арқылы тануы тиіс» деген тақырыптағы мақаласында.   «ЭКСПО — 2017» халықаралық көр­месіне келетін шетелдіктер біздің ұлттық ерекшелігімізге, дәстүрімізге, спор­тымызға айрықша назар аударатындығы белгілі. Осыны ескере отырып, біз жал­пыұлттық жобаға өз үлесімізді қосуымыз керек. Шетелдіктер бізді саясат, эко­номика арқылы ғана емес, ұлттық спортымыз арқылы да тануы тиіс», — деді Қ.Сатыбалдыұлы. Оның пікірінше, ұлттық спорт түр­лері қауымдастығының қазіргі тұжы­рымдамасын заман талабына жауап бере алатын дәрежеге жеткізген жөн. Сонымен қатар биыл қолға алынғаны­мен тиянағын таппай қалған ұлттық спортты дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасын біржақты қылып, Үкіметке ұсыну керек. Бұл бағдарлама көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлерін дамытуы тиіс.  Кезегі келгенде сөз сөйлеген Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа басшысы Б.Тілеухан Қазақстан тарихында емес, әлем тарихында тұңғыш рет көк­пардан ашық Азия чемпионатының өтуі ұлттық спортымыздың шын мәнінде ұлықталып жатқанының көрсеткіші екенін айтты.

Сондай-ақ осы басылымда «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Махамбет Досмұхамбетовпен арадағы сұхбат
«Өндірістің және өңірдің дамуы — өзекті міндетіміз!»
деген тақырыппен жарияланды. Басылым тілшісінің барлық сауалына тұщымды жауап берген ол: «Егер біздің кәсіпорынды тек мұнай игерумен айналысады деп ойласа, бұл бір­жақты пікір болар еді. Біз үшін өнді­ріс­тік мәселелермен бірге әлеуметтік сая­сатты қатар алып жүру — басым бағытта­ры­мыздың бірі. Атырау облысы мен отан­дық мұнай өндіруші компания ара­сында өзара түсіністік және ынтымақ­тастық Меморандумына осымен бірнеше жыл қатарынан қол қойылып келеді. Мақсат — мұнайлы өңірдің инфрақұры­лымын дамыту, халықтың жағдайының жақсаруына үлес қосу, Атырау өңірінің экономикалық-әлеуметтік дамуына үнемі қолдау көрсету. Жыл сайын жер қойнауын пайдалану келісімшартының негізінде жергілікті бюджетке 270 млн теңгеден аса қаржы аударамыз. Бұл қаражат облыс әкімінің келісімімен жергілікті өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалады. Биылғы жылдың бөлінген қаражатына тоқталар болсақ, Исатай ауданы Х.Ерғалиев, Тұщықұдық селоларының ішкі жолдарын күрделі жөндеуге, Мақат ауданындағы спорт (фут­бол) алаңдарының құрылысына бө­лінді. Атырау қаласының Азаттық даң­ғы­лындағы, Абай, Махамбет, Молдағалиев көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері күрделі жөн­деуден өтті. Облыс аумағында ұйымдас­тырылатын әртүрлі мәдени-спорттық шараларға үнемі демеушілік көрсетіп келеміз», — дейді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера