Бақыт Сыздықова берешегін жыл соңына дейін «өтеймін» деп уәде еткен. Алайда, бір тиынын да қайтармаған. Алданып қалғанына ашуланған «Нұр-Отан» енді өздері қатарынан қуып шыққан экс-депутатты сотқа беріп, қаржыны өндіріп алмақ. Тіпті сөзінде тұрмайтын әріптестерін партияға қайта алмақ емес. Ал сауық-сайранға жаны құмар Сыздықова 7 млн теңгені КВН ойындарына салып жіберген. Сөйтіп Қазақстанның «атын шығардым» деп бет-бақтырар емес. Сондықтан қарызды мүлдем сызып тастауды сұрайды. Енді ақшаны даулаған тараптар жақын арада сотта кездесуі тиіс.