Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс тура үш ай бұрын болған. Із-түзсіз кеткен Анастасия Шарипованы жүздеген адам екі апта бойы іздеген еді. Кейін оқушы қыздың азапталған денесі үйінін жанынан табылды. Қаскөй оны алдымен зорлап, кейін буындырып өлтірген. Күдікті ретінде ұсталған ауылдасы Виктор Бахарев те қылмысын бірден мойындады. Тек марқұмның да туыстарына дейін сенбей қойған. Дегенмен сараптама барысында Бахаревтің айыбы дәлелденді. Енді іске соңғы нүктені сот қоюы тиіс. Айыпталушының адвокаты бүгін істі алқа билердің қарауын өтініп, онысын сот мақұлдады. Яғни соттың келесі отырысы алқа билердің қатысуымен өтетін болады.