Кейiн анықталғандай, олар Византия тумалары болып шықты. Ғалымдар византиялық христиандар қуғын-сүргiннен қашып келуi ықтимал деп отыр.
Луньмэн кешенi тау үңгiрлерiнiң iшiнде 493 жылы салына бастаған. Онда 43 буддистiк ғибадатхана бар. Храмдардың iшiнде сол кездерi кескiнделген 17 метрлiк мүсiндер бүгiнгi күнге дейiн сақталған. Тан династиясы дәуiрiнде (618-907) бұл жердi буддистермен қатар несторияндық христиандар да қолданған. Кейiн константинопольдiк патриарх Несторияның таратып жүрген iлiмi қудалауға ұшырап, олардың жақтаушыларына Византиядан қашуға тура келдi. Олардың сүйектерi тек Қытайда ғана емес, сонымен бiрге Араб халифатында, түркiлердiң жерiнде табылып жатады.