Құжат «Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң деп аталады.
Аталған Хаттама 2010 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында жасалған. Құжат негізінен екі мемлекеттің заңнамаларында көзделген өзгерістерге байланысты болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанның және Швейцарияның заңнамаларында көзделген өзгерістерге байланысты Хаттамамен «Қазақстан», «резидент» деген терминдерге өзгерістер енгізіледі. Конвенцияның «Өзара келісу рәсімдері», «Ақпарат алмасу» деген жекелеген баптарына өзгерістер енгізіледі. «Бұл өзгерістер уағдаласушы мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және салықтан жалтаруды болғызбау мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді»,- дейді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.