Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі сенат комитетінің атауы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі сенат комитетінің атауы өзгерді

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі сенат комитетінің атауы өзгерді

Сенат депутаттары бүгін пленарлы отырысында палатаның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комитетінің атауын өзгерту туралы қаулы қабылдады.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.

"Қазақстан — 2050" стратегиясында және Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында отыз дамыған ел қатарына кіру жөнінде мақсат қойылды», — деп сенатор Ақан Бижанов бүгін Астанада пленарлы отырыста мәлімдеді.

«Президент өз жолдауында ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлген. Ғылымды дамыту мақсатында біз сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комитетін әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет деп атауды ұсынамыз», — дейді ол.


Бұл ұсынысты депутаттар мақұлдап, тиісті қаулы қабылданды.