Атырауда облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевке қатысты сот процесі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевке қатысты сот процесі басталды

Атырауда облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевке қатысты сот процесі басталды

Бейсенбі күні Атырау облысының қылмыстық істер жөнінде маманданырылған аудан аралық сотында өңірдің бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевтің ісіне қатысты сот процесі басталды.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері сот ғимаратын қоршауға алған.

Аталған іс материалдарына күдікті ретінде қылмыстық топтың 22 мүшесі енгізілген. Қазір оның 11-і қамауда, 9-ы үй қамағында отыр. Екеуі ешқайда шықпау туралы қолхат берген. Процеске мемлекеттік айыптаушы мен 21 адвокат қатысады.

Б.Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқалиға және олардың 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған.


Қаржы полициясының мәліметінше, Атырау облысының экс басшысы жетекшілік еткен қылмыстық топ мемлекетке 71 млрд теңге шығын келтірген. Бүгінде оның 23,6 миллиарды мемлекетке қайтарылды.