Мемлекеттік комиссия «Союз-ФГ» ғарыштық мақсаттағы зымыранының ұшыру кешеніндегі сынақ нәтижелерін қарады, ол «Союз ТМА-13М» басқарылатын көлік кемесін бортындағы халықаралық экипажбен орбитаға шығаруы тиіс.
Жұмыстар басшыларының баяындамалары қорытындыларымен мемлекеттік комиссия «Союз-ФГ» ғарыштық мақсаттағы зымыранымен «Союз ТМА-13М» басқарылатын көлік кемесі ұшыруға әзір деген шешім қабылдап, отын компоненттерін құюға және ұшыруға рұқсат берді.
Ұшыру алдындағы жұмыстар кестесіне сәйкес зымыран-ғарыштық өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары ғарыштық мақсаттағы зымыран бактеріне тиісті отын компоненттерін құюға кірісті.
Құрамында «Союз ТМА-13М» кемесінің командирі Максим Сураев (Ресейғарыш), «Союз ТМА-13М» ғарыш кемесінің 1-бортинженері Рид Вайзман (НАСА) және «Союз ТМА-13М» кемесінің 2-бортинженері Александр Герст (ЕКА) бар «Союз ТМА-13М» ғарыш кемесін «Союз-ФГ» зымыранымен ұшыру 29 мамырда Астана уақытымен 01 сағат 57 минутқа жоспарланып отыр.
