Әлемнің 40-қа жуық елі Кеден одағының еркін сауда аймағына қосылуға ниетті - Ж.Құсманғалиева - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің 40-қа жуық елі Кеден одағының еркін сауда аймағына қосылуға ниетті - Ж.Құсманғалиева

Әлемнің 40-қа жуық елі Кеден одағының еркін сауда аймағына қосылуға ниетті - Ж.Құсманғалиева

Әлемнің 40-қа жуық елі Кеден одағының еркін сауда аймағына қосылуға ниетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева айтты.

  • 29 Мамыр 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда біздің экономикамыз жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған. Ал ол инвестиция үшін барынша тартымды ауқымды нарықтарды талап етеді. «Осы ретте Кеден одағымен еркін сауда аймағына қосылуға ниеттестіктері туралы қазірдің өзінде 40-қа жуық елдің мәлімдеме жасауы зор маңызға ие. Олардың қатарында Түркия, Үндістан, Жаңа Зеландия, Вьетнам сынды елдер бар. Еуроодақ пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сынды блоктармен де ынтымақтастық жолға қойылуда», — деді ол.

Ж.Құсманғалиеваның сөзіне қарағанда, ЕАЭО-мен кедергісіз сауда-саттықты жолға қоюға Оңтүстік Америкадағы ірі интеграциялық бірлестіктердің бірі қызығушылық танытуда.

«Бұл қуантады. Өйткені, біздің Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы — бұл басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, сонымен бірге қатысушы-мемлекеттермен ынтымақтастықты болжайтын ашық жоба», — деді департамент директоры.


Оның атап өтуіне қарағанда, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері құратын еуразиялық интеграцияға ең бірінші болып Армения қосыла алады. Ал одан кейін Кеден одағына кіру арқылы ЕАЭО-ға қосылуға дайын екендігін Қырғызстан мен Тәжікстан білдіруде.

«Мұның барлығы ЕАЭО-ның ашық дамушы, болашағы зор жоба екендігін тағы бір мәрте дәлелдей түседі», — деді ол.