Астанада мемлекет басшылары деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекет басшылары деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

Астанада мемлекет басшылары деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

Астанада мемлекет басшылары деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды.

  • 29 Мамыр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Отырыс тар ауқымдағы форматта өткізілуде, оған президенттер: Қазақстаннан — Нұрсұлтан Назарбаев, Ресейден — Владимир Путин, Беларустен — Александр Лукашенко қатысуда. Кейіндеу отырыс кеңейтілген құрамда өтпек, оған Армения президенті Серж Саргсян және Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қатысады.

Қорытындысында үш елдің көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қояды деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында сондай-ақ еуразиялық интеграциялық процесті кеңейту мәселесі қаралмақ.

Еуразиялық экономикалық интеграция идеясын Қазақстан президенті 1994 жылы ұсынған, оны жүзеге асыру үшін алдымен Кеден одағы, сосын Бірыңғай экномикалық кеңістік құрылған болатын.

Отырыстың кеңейтілген құрамдағы отырысқа бақылаушы-мемлекеттер басшылары  Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян мен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қатысатын болады. 

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Аталған одақ туралы келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Тарихи оқиғаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үш басшысы: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысады. Сонымен бірге, құжатқа қол қою рәсіміне Армения мен Қырғызстан Президенттері келеді деп күтілуде. Олардың тарапынан да Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық білдіріліп отыр.

Аталған құжатта халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егемендік теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан.


Шартта шешім қабылдау кезіндегі консенсус механизмі барлық деңгейде ескерілген. Сонымен қатар, тараптардың Одақ органдарындағы кадр саясаты аясында тең қамтылуы қағидаты да қарастырылған.

ЕАЭО 170 млн. Халықты құрайтын үш елдің ортақ нарығын құруды қарастырып отыр. Тауарларды, қызмет түрлерін, капитал мен жұмыс күшін еркін тасымалдауға жағдайлар жасалады. Сонымен бірге, мүше мемлекеттер экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруды қолға алады.