деп Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«Одақ шеңберіндегі барлық халықаралық келісімшарттар, міндетті сипаттағы комиссия шешімдері, біз келіскендей, орыс тілінде қабылданып, тараптардың мемлекеттік тілдеріне аударылады», — деп Н.Назарбаев бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында атап көрсетті.
«Ұйымның шешім қабылдауының барлық деңгейінде ортақ ымыра қағидасы маңызды болмақ. Осылайша, әрбір тарап дауысы айқындаушы болмақ. Одақ органдарындағы кадрлық саясат тараптардың теңдің қағидасын ескере отырып, осы маңызды жұмысқа білікті мамандар тарту үшін конкурстық негізде құрылады», дейді президент.