"Росатом" және "Қазатомөнеркәсіп" Қазақстанда АЭС салу ниеті туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Росатом" және "Қазатомөнеркәсіп" Қазақстанда АЭС салу ниеті туралы меморандумға қол қойды

"Росатом" және "Қазатомөнеркәсіп" Қазақстанда АЭС салу ниеті туралы меморандумға қол қойды

Мемлекеттік "Росатом" корпорациясы және"Қазатомөнеркәсіп ҰАҚ" АҚ ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.

  • 29 Мамыр 2014
  • 484
Фото - Caravan.kz

Оның ішінде Қазақстан аумағында АЭС салуда ынтымақтасу жөніндегі өз ара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. Құжатта көзделгендей, тараптар қуаттылығы 300 -1200 МВт АЭС салмақ.

Сонымен қатар "Харасан-1", "Ақдала", "Южный Никай" кен орындарында жер қойнауын пайдалану мәселелерін реттеу шараларын жүзеге асырудың "жол картасына" қол қойылған. Құжатта мерзімдер мен тараптардың жауапкершілігі көзделген- жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттардың толықтыруларына 2014 жылдың 28-қазанына дейін қол қойылуға тиіс.

"Росатом" және"Қазатомөнеркәсіп" атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытудың кешенді бағдарламасына қол қойды.


Құжаттарға қол қою рәсімі Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында өтті, оған РФ және Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.