Валюталық-қаржылық одақ болмайды - Бақытжан Сағынтаев - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Валюталық-қаржылық одақ болмайды - Бақытжан Сағынтаев

Валюталық-қаржылық одақ болмайды - Бақытжан Сағынтаев

Валюталық-қаржылық одақ туралы мәселе көтерілген емес. Бұл туралы бүгін Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. 

  • 29 Мамыр 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz


«Бұл мәселені біздің деңгейде де, мемлекет басшыларының деңгейінде де қарастырған емеспіз. Ешқандай да валюталық-қаржылық одақ туралы мәселе көтерілген емес»,-деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың басында Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан интеграциялық үдерістер аясында өзінің ұлттық валютасынан бас тартпайтынын мәлімдеген болатын.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай ұлттық валюта туралы әңгімелер қайдан тарап отырғанын білмеймін. Біз бұл мәселені талқылаған емеспіз. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге осыған дейін болды және алдағы уақытта да болады»,- деп қадап айтты ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары.