Қазақстанда техниканың бұл саласы кенжелеп қалғаны жасырын емес. Жобаны жүзеге асыруға қаржы тапшы. Бұл жолы жоғары оқу орындарынан бөлек, Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасы ізденімпаз жастарға арнайы үйірме ашқан. Бүгін олар өздері жасаған «Қаркүреуші», «Аңшы», «Динозавр», «Гумоноид» сынды роботтарды әкеліпті. Қазылар алқасы әрбір құлтемірдің дизайнына, жылдамдығы мен дәлдігіне баса назар аударды. Осы жарыста оқ бойы озық шыққандар халықаралық чемпионатқа жолдама алады.
Шынар Елеуова, ұйымдастырушы:
–Робототехника ол – келешек. Мұнайды игеру жұмыстарын әлемдегі дамыған мемлекеттерде адамдар емес, роботтар істейді. Бүгінгі біздің 6-7 жасар балалар болашақта осындай құлтемірлерді құрастыра алады деген сенімдемін.