"Шынымды айтсам, менде қанша ақша бар екенін білмеймін. Бастапқыда шотымда қаншасы қалғанын қарайтынмын, соңғы кездері оны тексермейтін болдым", — деген Криштиану Роналдудың сөзін келтіреді Daily Mirror.
"Кедей отбасында өскеніме қарамастан алдыма мол пайда табу мақсатын қоймаймын", — деп атап өтті FIFA нұсқасының 2013 жылғы әлемдегі ең үздік футболшысы.
Forbes-тың бағалауынша, 2013 жылы оның табысы 3 миллион долларды құраған.