Осы аптада Украинаның шығысындағы атысты тоқтату қажет - Порошенко - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы аптада Украинаның шығысындағы атысты тоқтату қажет - Порошенко

Осы аптада Украинаның шығысындағы атысты тоқтату қажет - Порошенко

Украина президенті Петр Порошенко осы аптада елдің шығысындағы атысты тоқтату қажет деп мәлімдеді.

  • 9 Маусым 2014
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Біз атысты осы аптада тоқтатуымыз керек», — деді П.Порошенко жексенбі күні Киевте Украинаның шығысында бейбітшілік пен тыныштық орнату жоспарын іске асыру жөніндегі үш жақты байланыс тобының отырысында.

Президент «күн сайын Украина азаматтары көз жұмып жатыр, бұған жол беруге болмайды» деп атап өтті.

«Біріншіден, Украинаның мемлекеттік шекарасын қалпына келтіру қажет. Саяси көзқарасына қарамастан Донбасста тұрып жатқан әрбір Украина азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек», — деп мәлімдеді П.Порошенко.