Ақтөбелік зейнеткер ауа қысымымен жүретін қозғалтқыш ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік зейнеткер ауа қысымымен жүретін қозғалтқыш ойлап тапты

Ақтөбелік зейнеткер ауа қысымымен жүретін қозғалтқыш ойлап тапты

Көлік пен электр станциясын ауа арқылы қалай жұмыс жасатудың әдісін ақтөбелік зейнеткер біледі.

  • 9 Маусым 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Өзінің авторлық идеяларына 27 жыл ішінде 4 патент алған, деп жазады abai.kz.

Енді өнертапқыш туындысын ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр. Бақберген Таханов ұзақ жылдар құрылыс саласында еңбек еткен. Тың жаңалығын ашуға 1986 жылы көлікке қажет жанармай таппай қиналған кезі түрткі болса керек.

Ол ауаның қысымымен жүретін қозғалтқыш ойлап тауыпты. Ойындағысын іске асыруға қаражаты болмағандықтан, талай жауапты мекеменің есігін тоздырғанға ұқсайды. Былтыр 4 зерттеу еңбегіне патент алған: жоғарғы қысымды ауамен жұмыс істейтін электр стансасы, көлік құралына қажет жасанды тартылыс қондырғысы және автономды  жүйеге керек жасанды мотор. Автордың айтуынша, жобалар көп қаржыны қажет етпейді. Мәселен, шағын электрстансаның жұмыс тәсілі өте қарапайым.

Бақберген Таханов, өнертапқыш
: " Үш 100 кубометрлік цистернаны компрессордың күшімен ішіне толтырамыз. Ауаны, қарапайым ауаны, қатты қысыммен. Компрессор жасанды гравитациялық қондырғымен жұмыс істейді".

Осындай 20 құрылғы бүкіл Қазақстанға жетеді. Зейнеткер өз еңбектері жайында Қазақстанға ғана емес, АҚШ-қа да мәлімдеп хат жазыпты. Ендігі мақсаты — ЕХРО-2017 көрмесіне қатысу. Ізденісін тоқтатпаған ақсақал өзі ашқан жаңалықтың кәдеге жарарына сенімді.