АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Астананың Алматы аудандық №2 соты Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Арман Құмашевті 4 жылға бас бостандығынан айырды.

  • 9 Маусым 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz

Сот оны Қылмыстық кодекстің 4-бөлімі 307-бабы бойынша айыпты деп танып, 4 жылға бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысу құқынан айырылды. Бұл туралы дүйсенбі күні сот кеңсесінен хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, А.Құмашев 2013 жылдың тамыз айында тұтқындалды. Оған Сәтпаев атындағы каналға арнап сатып алынған гидро қондырғының бағасын өсіріп, бюджеттің 1,2 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылған-ды. Сонымен қатар, ол аталған каналды қалпына келтіруге бөлінген 6,6 млрд теңгені қолды етпек болды деп айыпталды.