Жөндеуге 35,5 млрд теңге қарастырылған.
Жоспар бойынша 2200 жұмыс орны ашылып, 31 елді мекенде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жалпы, 188 көше жөнделіп, жақсы және орташа деңгейдегі жолдардың жалпы үлесі 74 пайызға жетеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы облыс басшысы Бауыржан Әбдішевтің қатысуымен өткен арнайы жиында белгілі болды. Жиында автокөлік саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралған болатын.
Қазіргі таңда облыс аумағында «2020 жылға дейін Қазақстан республикасының транспорттық жүйесі құрылымын дамыту және интеграция» бағдарламасы шеңберінде Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы тас жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 4 жолақты жол толығымен бетоннан құйылуда. Сонымен қатар, Қызылорда-Павлодар-Успенка тас жолының қызылорда-Жезқазған аралығындағы учаскесі қайта қалпына келтірілмек. Жұмыстар 2020 жылы аяқталуы тиіс. 2017-2020 жылдары Жезқазған-Петропавл тас жолын қайта қалпына келтіру көзделген.
Бағдарлама бойынша 2014-2020 жылдар аралығында облыстық және аудандық деңгейдегі жолдарды жөндеуге 26,8 млрд теңге қарастырылған. Бағдарлама шеңберінде 103 шақырым жол қайта қалпына келтіріліп, 1237 шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өткізілмек.