«Былтыр Ыстықкөл курортты аймақта бір миллионға жуық адам демалды. Биыл туристер ағыны 30-40%-ға артады деген болжам бар», — деп Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Эсенғұл Өмірәлиев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Оның мәліметі бойынша, Ыстықкөлде әдетте қазақстандықтар демалады, олардың саны осы елге келетін туристердің жалпы санының шамамен 20-25%-ын құрайды. Алыс шетелдерден келетіндер – шамамен 15%. Туристердің негізгі бөлігі жергілікті демалушылар», — дейді дипломат.
Ыстық көлде жазғы маусым ашылғанына айта отырып, елші қазақстандықтарды пансионаттарда демалып қайтуға шақырды.