Бұл туралы фестиваль сайтында хабарланды.
«Сынақ» — 1949 жылғы Семей полигонындағы ядролық сынақ аясындағы махаббат тарихы.
Коттың айтуынша, дыбыссыз кино түсіру оның арманы болған. «Кино — бейнелеу екеніне сенімдімін, өйткені оны мылқау адам ойлап тапқан. Дыбыссыз фильм қай кезде де ішкі жан-дүниемді рахатқа бөлейді», — деді ол.
Өткен жылы фестивальдің бас жүлдесі Алексей Ивановтың романымен аттас Александр Велединскийдің «Географ глобус пропил» атты фильміне бұйырған.
