Қазақстандық балалар биыл "Артек" лагеріне демалуға бармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық балалар биыл "Артек" лагеріне демалуға бармайды

Қазақстандық балалар биыл "Артек" лагеріне демалуға бармайды

Қазақстан оқушылары биыл Қырымдағы «Артек» халықаралық балалар орталығына демалуға бармайтын болды.

  • 9 Маусым 2014
  • 725
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлімдеді.

«Биыл біз «Артекке» шақырту алмадық», — деп ол бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Былтыр Артекте бес бала демалып қайтқан. Шақыру бойынша онда көбінесе конкурстардың жеңімпаздары барған.

Биыл Украинадағы саяси ахуалға байланысты шақырту алмадық, деп «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхиддин Төлепбай мәлімдеді.