Зерттеу барысында сусамырмен ауыратын 54 адам сегіз ай жерортатеңізі диетасын ұстады, деп хабарлады Kedem. Олар бір мөлшеде нәрлі тағам мен күніне 57 г пісте (60-қа жуық жаңғақ) жеген.
Нәтиже қатысушылардың салмағы өзгермегенін көрсетті, ал мәзірде пістенің болуы өз жемісін берді: қанда қанттың және инсулин гормонының деңгейі төмендеген.
Пістенің құрамында бар нәрлі заттардың (қанықпаған май, антиоксидтант пен каротиноидтер) көптігі қантты жеңіл өңдеуге жәрдемдеседі, дейді ғалымдар.