Аудандық ішкі істер бөлімінде мемлекет қаржысы талан-таражға салынған - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аудандық ішкі істер бөлімінде мемлекет қаржысы талан-таражға салынған - Қызылорда облысы

Аудандық ішкі істер бөлімінде мемлекет қаржысы талан-таражға салынған - Қызылорда облысы

Сырдария аудандық прокуратурасы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметінде мемлекеттік бюджет қаржысын игеру барысында мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының өрескел бұзылғандығын анықтады,  деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

  • 10 Маусым 2014
  • 602
Фото - Caravan.kz

Тексеру барысында АІІ бөлімінде 1 жыл 1 ай бойы тек 3 әкімшілік іс қозғап, 64 күн жұмыста негізсіз болмаған учаскелік полиция инспектор Р.Ж.-ны қызметінен босату мәселесі қаралмағандығы, керісінше оған 64 күнге 376,5 мың теңге заңсыз жалақы төленуіне жол берілгендігі, тәртіптік жазасы бар 7 және көрсеткіштері өте төмен 2 қызметкерлерге барлығы 830,7 мың теңге сыйақы заңсыз төленгендігі, сондай-ақ лажсыз бос жүрген уақытына 2 қызметкерге соттың күші жойылған актісімен барлығы 1,9 млн. теңге төленген жалақыны кері қайтару шараларын қолдануға 2 айға жуық әрекетсіздік танытып отырғандығы анықталды.

Осыған байланысты, Р.Ж.-дан 376,5 мың теңгені өндіру, 9 қызметкерлерге заңсыз берілген 830,7 мың теңгені жалақыларынан ұстап қалу және 2 қызметкерге соттың күші жойылған актісімен барлығы 1,9 млн. теңге төленген жалақыны кері өндіру бағытындағы заңнамамен белгіленген шараларды қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңдылықты бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныс  енгізілген.

Бұл ретте, бұған дейін 9 қызметкерге сыйақыны беру жөніндегі Бөлім басшысының 4 бұйрығының күшін жою туралы наразылық келтірілгендігін атап өткен жөн.


Жалпы аудандық прокуратурамен жалақы мен сыйақы ерекшелігі бойынша мемлекеттік бюджеттен негізсіз төленген барлығы 1,2 млн. теңге қайтаруға байланысты 9 материалдық жауаптылыққа тартылуға тиісті тұлғаларды, сондай-ақ бюджетке кері қайтарылуға жататын 1,9 млн. теңге анықталды.